Қолданбалы бағдарламалардың мәселелік бағытталған пакеттері. Компьютерлік графика жүйелері. Графикалық редакторлар. Corel Draw графикалық редакторымен жұмыс істеу негіздері

Работа добавлена: 2018-05-31






Дәріс 14.

Қолданбалы бағдарламалардың мәселелік  бағытталған пакеттері.

Компьютерлік графика жүйелері. Графикалық редакторлар.

Corel Draw графикалық редакторымен жұмыс істеу негіздері

Мақсаты:қазіргі компьютерлік графиканың негізгі қолданылу салалары мен түрлерін таныстыру, олардың принциптерін түсіндіру.

Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультиплиқацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. 

Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар бағдарламалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.

 Қазіргі танымал бағдарламалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген бағдарламаларды жасап шығарушы бағдарлама ұжымның қызметкерлері  өз жұмыстарының 90% уақытын  осы графикамен шұғылдануға  жұмсайды екен.

 Графикалық бағдарламаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған Интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған  World Wide Web қызметінің  пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.

Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және  әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.

Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.

Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:

Ғылыми графика.Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы графиктерді символдық  режимде басып шығаратын. Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар – графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды.

    Қазіргі заманғы ғылыми компьютерлік графика әр түрлі есептеу тәжірибелерін жүргізіп, олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге   мүмкіндік береді.

  Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі   түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистиқалық есептерді және т.б.  объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың бағдарламалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.  

  Контрукторлық графика- инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР-дың (систем автоматизации жобаирования–жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.

  Суреттеу графикасы(көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы бағдарламалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын  қарапайым бағдарламалық жабдықтарды  графикалық редакторлар деп атайды.

 Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер осы мақсатта қолданылатын компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды. Осы графикалық пакеттердің басты ерекшелігі ретінде олардың шыншыл кескіндер мен «қозғалатын суреттерді» жасау мүмкіндігін айтуға болады. Үшөлшемді объектілерден тұратын суреттерді салу, оларды бұру, жақындату, аластату, деформациялау үлкен көлемде математикалық есептеулерді қажет етеді. Мысалға, объектінің жарықтылық деңгейін сол объектіге түсіп тұрған жарық көзін, оны қоршаған заттардың, олардың көлеңкелерін есепке ала отырып бейнелеу  үшін оптиқаның заңдарын есепке алатын күрделі есептеулерді  жүргізу қажет.

  Компьютерлік анимация деп дисплей экранында қозғалатын кескіндерді жасау өнерін айтады. Суретші қозғалатын объектінің бастапқы және соңғы қалпын бейнелейтін суреттерді ғана салады, ал осы екі суреттің арасындағы барлық қозғалысты компьютер осы объектіні қозғалтуға қажетті алдын-ала белгіленген математикалық есептеулерді орындай отырып өзі суреттеп шығады.

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз – осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

  Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

  Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.

Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру

Салыстыру критерийлері

Растрлық графика

Векторлық графика

Кескіндерді ұсыну әдісі

Растрлық кескін пиксельдердің жиынтығынан тұрады.

Векторлық кескіндер командалар-дың тізбегі түрінде бейнеленеді.

Шынайы сурет-терді бейнелеу мүмкіндігі

Растрлық кескіндер шынайы суреттерді  айқын бейнелей алады. 

Векторлық графика фотосуреттегі-дей сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік бермейді.

Кескіндерді өңдеу мүмкіндігі

Растрлық кескіндерді үлкейтіп-кішірейткенде немесе бұрғанда кескін өзінің бастапқы сапасын жоғалтады.

Векторлық кескіндерге сапасын жоғалтпай-ақ өзгеріс енгізуге, яғни қажет болса оларды кішірейтуге немесе үлкейтуге болады.

Кескіндердің басып шығарылу ерекшеліктері

Растрлық суреттерді принтерде оңай басып шығаруға болады.

Векторлық суреттер кейде прин-терде басылмайды немесе нашар басылып шығады.

Бақылау сұрақтары

1. Компьютерлік графика дегеніміз не?

2. Компьютерлік графиканың түрлері.

3. Графиканың қолданылу салалары.

4. Векторлық графиканың ерекшеліктері неде?




Возможно эти работы будут Вам интересны.

1. Графикалық редакторлардың форматы

2. Delphiда графикалық бейне

3. Қызмет диаграммасының графикалық нотациясының элементтері

4. Графикамен жұмыс істеу. Graphics класы

5. Т.Ж. болғандағы ұйымдардың жұмыс істеу тұрақтылығы

6. Сорғалап ағатын айдағыштар және олардың жұмыс істеу принциптері

7. ЖЕТІЛГЕН ЖӘНЕ ЖЕТІЛМЕГЕН БӘСЕКЕЛІ НАРЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІ

8. Компьютерлік графиканың қолданысының облыстары

9. Corel Draw12 ортада жұмыстың мінездемесі мен ерекшеліктері

10. Инженерная графика для студентов направления 08.